Математика пәнінен Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халыкаралық олимпиадаларының қорытындысы
Алматы қаласында 2024 жылдың 11-13 наурызында «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ базасында математика пәнінен XXXVI Азия-Тынық мұхиты және XXIII «Жібек жолы» халыкаралық олимпиадалары өтті. Олимпиаданың форматы: әр мемлекет дербес қашықтан қатысты. Олимпиадалар математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізілді….