Облыстық «Ақберен» өнер байқауының қорытындысы

Облыстық «Ақберен» өнер байқауының қорытындысы

Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 13 қазанда 8-11 сынып оқушыларының арасындағы республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 10 аудан, 3 қала және 13 мамандандырылған мектептен 98 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысында 44 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен…

Павлодар облысында «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Павлодар облысында «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ  «Балалар әлемі» жобасы аясында жыл сайын Республикалық балалар оқулары байқауын ұйымдастырады. Байқау мақсаты –  балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміз бен шетелдік әдебиетті және жазушылардың шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Осыған орай, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша…

«Жас экорепортер»  облыстық экологиялық конкурсының қорытындысы

«Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсының қорытындысы

Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 2023 жылғы 10 қазанда Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер»  облыстық экологиялық конкурсын өткізді. Қатысушылар келесі тақырыптар бойынша экология және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған жұмыстарды ұсынды:…

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қорытындысы

Олимпиаданың өңірлік кезеңі 2023 жылғы 3 қазанында Торайғыров университетінің базасында (Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64) өтті.  Олимпиадаға білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология. Хаттама

Республикалық «Мағжан оқулары» байқауы облыстық кезеңіңің қорытындысы

Республикалық «Мағжан оқулары» байқауы облыстық кезеңіңің қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 29 қыркұйекте 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 10 аудан, 3 қала және 12 мамандандырылған мектептен 50 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысында 21 оқушы жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен –…

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты ІІ республикалық жас ақындар айтысы

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты ІІ республикалық жас ақындар айтысы

Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 27-29 қыркүйек аралығында екінші рет Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өткізілді. Республика көлемінде өткізілген айтыскерлер додасына жалпы орта білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарынан 32 оқушы қатысты, соның ішінде Павлодар облысынан 2 жас ақын. Шара қатысушыларына Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» мұражайына, Сүйінбай,…

ІV облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындысы

ІV облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындысы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 15 қыркүйекте Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ауылдық жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған ІV облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту; оқушылардың өз халқының тарихы…

Республикалық Абай оқуларының қорытындысы

Республикалық Абай оқуларының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдын 8-11 тамыз аралығында «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде жалпы білім беру үйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІV республикалық Абай оқуларын өткізді. Республикалық шараға 21 команда құрамында 131 оқушы қатысты. Абай оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері: қазақ…

Химия пәні бойынша Халықаралық олимпиадасының қорытындысы

Химия пәні бойынша Халықаралық олимпиадасының қорытындысы

Цюрих қаласында (Швейцария) 16-25 шілде аралығында химия пәні бойынша оқушылардың Халықаралық олимпиадасы өтті (IChO–2023).  Олимпиадаға 88 елден 350-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасы 4 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей- мектебінің 10 сынып оқушысы Илюсизов Ринат. Халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша Ринат күміс медаль иегері атанды (мұғалім – Колдашева…

Облыс қоржыны халықаралық олимпиада медалімен толықтырылды

Облыс қоржыны халықаралық олимпиада медалімен толықтырылды

Физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO-2023) 2023 жылғы 10-17 шілде аралығында Токио қаласында (Жапония) өтті. Әр түрлі елдердің жоғары сынып оқушылары арасында жыл сайын физика пәні бойынша халықаралық жарыс 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиадаға әлемнің 83 мемлекеттің  415 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасын 5 оқушы, оның ішінде дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 оқушысы…