Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру мектебінің базасында 2024 жылғы 3 мамыр күні 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Шараға аймағымыздың 185 оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдарына — 12, ІІ дәрежелі дипломдарына — 17, ІІІ дәрежелі дипломдарына — 45 оқушы ие болды.
Облыстық кезеңінің 12 жеңімпазы 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасына жолдама алды.