«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 27 қаңтарда республикалық «М. Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңі онлайн форматта өткізілді. Шара мақсаты: оқушылар арасында қазақтың ақиық ақыны Мұқағалидың шығармаларын насихаттау, жас буынның поэзияға деген құштарлығын арттыру, эстетикалық талғамдарын, табиғи дарындылығын анықтау. Облыстық кезеңге жалпы білім беру және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 52 оқушы қатысты.Сайыс үш бағыт бойынша жүргізілді: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты жыр бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды; «Жыр эстафетасында» қатысушылар ақынның «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнеріне келтіріп, жатқа оқыды; «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды.  Оқулар қорытындысы бойынша 19 оқушы жүлделі болды, оның ішінде Бас жүлде – 3, І орын – 3, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 8. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағытында Бас жүлдені Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 8 сынып оқушысы Рамазанқызы Мерей жеңіп алды; І дәрежелі дипломды – Аққулы ауданы С. Сатыбалдин ат. ЖОББМ 8 сынып оқушысы Иманкулова Жанар; ІІ дәрежелі дипломды – Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 8 сынып оқушысы Еңсегенқызы Назерке; Тереңкөл ауданы Қ. Оспанова ат. №3 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Багай Медина; ІІІ дәрежелі дипломды – Павлодар қ. Қ. Бекқожин ат. ЖОББМ 11 сынып оқушысы Бейсембай Камила; Баянауыл ауданы Қаражар ЖОББМ 8 сынып оқушысы Ермекқызы Альмира; Ы. Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Уахит Махаббат; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Көкен Бегім. «Жыр эстафетасы» бағытында Бас жүлдеге Екібастұз қ. Атығай ЖОББМ 9 сынып оқушысы Амангелдіқызы Аяулым ие болды; І дәрежелі дипломға – Аққулы ауданы А. Баймолдин ат. ЖОББМ 8 сынып оқушысы Маненова Адия; ІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. №30 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Нұрлан Искандер; ІІІ дәрежелі дипломға – Ы. Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Сапарқызы Сымбат. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында Бас жүлдемен Екібастұз қ. №22 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Қайдаров Бексұлтан марапатталды; І дәрежелі дипломмен – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Тулебаева Найля; ІІ дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Асығатұлы Шыңғыс; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Макаров Муслим; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 9 сынып оқушысы Төлеу Қыдырәлі; Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Жәлел Санжар; Железин ауданы Абай ЖНББМ 8 сынып оқушысы Жылқайдарова Сана. Облыстық конкурстың Бас жүлде иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts