Зияткерлік жарыстар мен конкурс түрлерінің бөлімі
-оқушылардың зияткерлік дарындылығын аймақтық деңгейде анықтау, дамыту және қолдау жүйесін құру;
– облыстың зияткерлік дарынды балаларының деректер банкін құру;
– әр түрлі бағыттар бойынша аймақтық зияткерлік олимпиадалар, жарыстар, конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
– зияткерлік жарыстар мен конкурстарды өткізу бойынша нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеу;
– республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу үшін облыстық құрама командалардың мүшелерін дайындау;
– облыс оқушыларының республикалық және халықаралық бейіндік ауысымдарға қатысуын ұйымдастыру.
Жапарбекова Акмарал Нургазиновна, зияткерлік жарыстар мен конкурс түрлері бөлімінің меңгерушісі.
Шығармашылық даму және оқытудың қосымша түрлері бөлімі
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
– шығармашилық конкурстар, байқаулар, фестивальдерді ұйымдастыру және өткізу;
– интеллектуалдық олимпиадалар мен турнирлерді ұйымдастыру және өткізу;
– дарынды балалардың демалысын ұйымдастыру.
Саламбекова Дамели Кабдышукуровна, шығармашылық даму және оқытудың қосымша түрлері бөлімінің меңгерушісі.
Ғылыми-әдістемелік қызметі бөлімі
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
– шығармашылық жұмыстар мен зерттеу жобаларының конкурстары мен олимпиадаларын ұйымдастыру және өткізу;
– облыстық сыртай оқу мектебінің жұмыстарын ұйымдастыру;
– жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша жасөспірімдер олимпиадаларын ұйымдастыру және өткізу;
– зияткерлік олимпиадалар, турнирлер ұйымдастыру және өткізу;
– ауыл оқушылары үшін облыстық сырттай мектептің жұмысын ұйымдастыру.
Жас дарындарды қолдау және дамыту бөлімі
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
түрлі бағыттар бойынша өңірлік зияткерлік олимпиадалар, жарыстар мен конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
«QABILET» қызметінің жұмысын ұйымдастыру. Оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарларын диагностикалау және одан әрі оқыту мен кәсіби даму бойынша кеңес беру;
Павлодар облысының ауыл мектерінде білім алатын оқушыларды қосымша білім беру жүйесі арқылы қолдау мен дамыту («Жас кемеңгер» мектебі);
«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның қызметіне байланысты мәселелерді ақпараттық жария ету.