Орталық туралы
Павлодар облысы білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы – Павлодар облысының дарынды балалары мен талантты жастарын анықтау және қолдау мәселелері бойынша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік коммуналдық мекеме.
Орталық мақсаты — дарынды балаларды аныктау, колдау, окыту және дамытуға жагдай жасау.
- Мекеменің негізгі міндеттері:
- оқушылардың арнайы шығармашылық қабілеттерін анықтау мен дамыту;
- оқушылардың табиғи зияткерлік қабілеттерін жан-жақты дамыту;
- өздігінен білім алу және ғылыми-зерттеу іс-әрекет дағдыларына үйрету.
- «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО белгі цикл пәндері саласында жоғары деңгейде оқыту негізінде қосымша білім берудің оқу бағдарламалары бойынша дайындық көрсетеді және келесі қызмет түрлерін іске асырады:
- оқушылардың білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады;
- мектеп оқушыларын қосымша білім беру жүйесі арқылы дарынды балалармен жұмыстың негізгі түрлерін дамытады;
- мектепке дейінгі білім беру тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларына әртүрлі деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық сайыстар, ғылыми жарыстар, олимпиадалар ұйымдастырады және өткізеді;
- олимпиадалық резерв дайындау үшін оқу-жаттықтыру жиындарын өткізеді
- әртүрлі зияткерлік жарыстарды, қалалық, республикалық олимпиадаларды, соның ішінде халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізеді және енгізеді.
"ЕРТІС ДАРЫНЫ" БҮГІНГІ КҮНДЕ
Облыста «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы дарынды балалармен басты жүйелік-ұйымдастырушылық және үйлесімділік жұмыстарын атқарады. Миссиясы: Павлодар облысындағы элитарлық білім берудің дамуына жәрдем көрсету