«Жыр алыбы – Жамбыл» атты І облыстық жас ақындар айтысы

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 22 ақпанда алғашқы рет Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізілді. Айтыс мақсаты: мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін, тума таланты мен табиғи дарындарын анықтау, жас айтыскерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.Іс-шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 6-11 сыныптарынан 12 оқушы қатысты. Айтыс екі бағыт бойынша өтті:

1) тақырыптық айтыста қатысушылар Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлап, бір-біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білді;

2) қайым айтыста – айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің алғашқы екі жолын бұзбай, мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп немесе сол қалпында сақтап, соңғы екі жолында жауап қайтарды.

Сайыс қорытындысында 8 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: Бас жүлде – 2, І дәрежелі диплом – 2, ІІ дәрежелі диплом – 2, ІІІ дәрежелі диплом – 2.

«Тақырыптық айтыс» бағытында Бас жүлдеге – Екібастұз қ. С. Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Қайдаров Бексұлтан; І орынға – Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Қапаш Мирас; ІІ орынға – Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Тұрсынбек Ақжол; ІІІ орынға – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Рафаилов Бейбарыс ие болды.

«Қайым айтыс» бағытында Бас жүлдені – Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы Баршынбай Мейіржан; І орынды – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Имантай Мағзұм; ІІ орынды – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 6 сынып оқушысы Айтжанов Адлет; ІІІ орынды – Ертіс ауданы Қараағаш жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Аужанова Жасмина иеленді.

Облыс кезеңінің екі Бас жүлде иегері республикалық айтысқа жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts