Алматы қаласында 2022 жылғы 10-12 наурыз күндері Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математикалық факультетінде дәстүрге айналған Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XII халықаралық конкурсы өткізілді. Конкурстың басты мақсаты-оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасау олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесін және құрылымын  жетілдіру. Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 168 оқушы ғылыми жобаларын ұсынды, сонымен қатар Тәжікістан және Қырғызстан  мемлекеттерінің қатысушылары болды. Олар математика, қолданбалы математика, механика және математикалық әдістер секциялары бойынша жобаларын қорғады. Павлодар облысының командасы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің 9 жеңімпазы мен жүлдегерінен құрастырылды. Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломымен– облыстық көп салалы көптілді лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Баянбай Бекмұхаммед (математикалық әдістер секциясы); ІІ дәрежелі дипломымен–Павлодар қ. Кенжекөл ЖОББМ 11 сынып оқушысы Алпамыс Маджида ( механика секциясы); ІІІ дәрежелі дипломымен Ақсу қаласының лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Масалабо Александр ( механика секциясы) марапатталды.

 

                         «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts