Павлодар облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес жылсайын 8-11 сынып оқушыларының арасында республикалық «Әбіш оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі. Биыл байқау 2022 жылғы 18 наурызда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шығармашылық даму бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.  Маңызды іс-шараның басты мақсаты: Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің шығармаларын насихаттау; жазушының рухани мұрасына қызығушылықты тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамыту. Сайыс төрт бағыт бойынша өтті:

  1. Ә.Кекілбаевтің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу;
  2. үйде орындалған үш суретті ұсынып, жазушының «Автомобиль» және «Бәйгеторы» әңгімелеріне иллюстрация салу;
  3. Ә.Кекілбаевтің шығармашылығы бойынша зерделеу жоба жазу;
  4. жазушының бір шығармасынан сахналық қойылым көрсету.

Конкурстың қазылар алқасы Торайғыров Университеті мен Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдарынан, Павлодар балалар көркем мектебінің мұғалімдерінен және Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының қоюшы режиссерлары мен әртістерінен құрастырылды. Шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 132 оқушы қатысты.Сайыс қорытындысы бойынша 64 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: І орын – 8, ІІ орын – 21, ІІІ орын – 35. «Иллюстрациялық сурет» бағытында I дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. №37 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Шакиева Меруерт; IІ дәрежелі дипломмен –  «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9-сынып оқушысы Сұртай Аяжан; Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Ералиева Рауан; IІІ дәрежелі дипломмен – Май ауданы А. Иманов ат. ЖОББЛМ 9-сынып оқушысы Хамитова Раушан; дарынды балаларға музыкалық мектебінің 7-сынып оқушысы Хван Лиана; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Найман Дильназ марапатталды.  «Шығармашылық жұмыс» бағытында I дәрежелі дипломды –  дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназияның 8, 10 сынып оқушылары Бекен Балнұр және Келден Әлихан; IІ дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Тәкіш Әйгерім; дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Зарахан Нұржол; ІІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №2 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Бельдеубаева Гульзат; Май ауданы Көктөбе ЖОББМ 11 сынып оқушысы Тогаева Аяулым; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрғиса Фарида иеленді. «Мәнерлеп оқу» бағытында I дәрежелі диплом иегері: Екібастұз қ. Ақкөл ЖОББМ 11-сынып оқушысы Рапық Мейірбек; IІ дәрежелі диплом – Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 10-сынып оқушысы Енсегенқызы Ақерке; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназияның 7-сынып оқушысы Байзолла Сұлужан; IІІ дәрежелі диплом – Павлодар қ. №35 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жунусова Сабина; Аққулы ауданы А. Баймұлдин ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Маненова Адия; Май ауданы Ақжар ЖОББМ 9-сынып оқушысы Есенгелді Әмина; Тереңкөл ауданы Қ. Оспанова ат. №3 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Секенова Ажар.  «Сахналық қойылым» бағытында I дәрежелі дипломға – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушылары Жұмабай Қосман, Ходон Ақжарқын, Сапарқызы Сымбат, Болат Серіжан, Сағындық Қажымұқан ие болды; IІ дәрежелі дипломға – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары Кенжебек Алфараби, Макаров Мүслім, Бектемиров Акежан, Умарова Алима, Асқарова Айдана; Май ауданы Жалтыр ЖОББМ оқушылары Хуттымбетова Альдина, Хуттымбетов Алмади, Хуттымбек Ерасыл, Өмірбек Аққу, Темірбек Мансур; Тереңкөл ауданы Зеленая роща ЖОББМ Акатаева Фарида, Балтаева Ильнара, Нургалина Дайана, Мурат Оразбек, Серикбол Махамбет; ІІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. №21 ЖОББМ оқушылары Капанов Алимхан, Тоймырза Аружан, Канапия Аружан, Манабаев Сарман, Джанаргалиев Алингакбар; Ақсу қ. М. Қабылбеков ат. ЖОББМ оқушылары Амонел Әлібек, Жаманов Шапағат, Дубысов Рустем, Малганжанова Зарина, Мажитов Адият; Аққулы ауданы Потанин ЖОББМ оқушылары Құлатай Даниял, Меңлібек Лаула, Саят Иса, Қали Нұрғабыл, Айтқалым Даржана, Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің оқушылары Қабдікәрім Нұрғиса, Майкарина Айлана, Мейрамов Танат, Хамитова Зарина, Орумбаева Гауһар; Павлодар ауданы Мичурин ЖОББМ оқушылары Рахметолла Аяулым, Қасым Абылайхан, Рахметолла Ералы, Жанболат Айдынасхар, Сермаганбет Сания.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауға жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts