Өтетін күні: 2022 жылғы 24-29 наурыз

Өтетін орны: Павлодар қ. Ы. Алтынсарина атындағы облыстық гимназия-интернаты (Ш.Айманов көшесі, 35)

2021-2022 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада).

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдері мен тәжірибелік ептілігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысушыларды іріктеу және дайындау.

              Олимпиада екі турда 16 пән бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында келесі бағыттарда және жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі:

– жаратылыстану-математикалық бағыт (математика, физика, химия, биология, география, информатика) – 2022 жылғы 24-25 наурызда;

– қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті,  қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, өзін-өзі тану, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі) – 2022 жылғы 28-29 наурызда.

Облыстың 3 қаласы мен 10 ауданынан және 14 облыстық білім беру ұйымдарының 27 командасынан 762 оқушы қатысады.

           Олимпиаданың облыстық кезеңінің ашықтығын және академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу процесі онлайн режимінде қарау үшін, бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Әрбір қатысушыға Олимпиаданы өткізуге қойылатын талаптарға және қолданылып жүрген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес «Oqylyq» платформасына рұқсаты бар веб камерамен компьютер, жеке үстел беріледі.

Қосымша ақпарат: Павлодар қ., «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Ә. Марғұлан көшесі, 102, тел. 87074982294.

 

Similar Posts