Павлодар педагогикалық университетінде 2022 жылғы 7 сәуірде он алты жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық турының нәтижелері бойынша ректордың гранттарын тапсыру рәсімі өтті.

Мерекеге пәндік олимпиаданың 10 жүлдегері, сондай-ақ осы оқушыларды дайындаған мұғалімдер шақырылды.Осылайша, жергілікті жоғары оқу орындарының басшылары облысымыздың дарынды балаларының әлеуетін іске асыруға елеулі үлес қосуда.

Биылғы оқу жылында Павлодар педагогикалық университеті ректорының грантының иегерлері келесі түлектер: Рабе Карина  дарынды  балаларға арналған облыстық көп алалы лицей-интернаты (мұғалімі Аманжолова А.А.), білім беру бағдарламасы «Қазақ тілі және әдебиеті»; Хафиз Айғаным дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернаты (мұғалімі Ахметова Г. К.), білім беру бағдарламасы  «қазақ тілі және әдебиеті»; Серікпай  Мұхаммедали  дарынды  ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (мұғалімі Сансызбаев Ж. К.), білім беру бағдарламасы  «биология»; Шакбекова Даяна  Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясы (мұғалімі Нургалиева С.Е.),  білім беру бағдарламасы  «шет  тілі»; Вакулина Диана  №39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар ЖОББМ (мұғалімі Асаинова С.И), білім беру бағдарламасы «Орыс тілі және әдебиеті»; Абусейтова Адема  Шарбақты ауданы А.Құнанбаев атындағы ЖОББМ (мұғалімі Хафиз Қ.Қ.), білім беру бағдарламасы  «қазақ тілі және әдебиеті»; Сыздыкова Динара  Павлодар қаласы №2 ЖОББМ (мұғалімі Бегайдарова Г.К.), білім беру бағдарламасы  «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»; Ибраев Заманбек Тереңкөл ауданы Береговая ЖОББМ (мұғалімі Альмухамбетова С.Б.), білім беру бағдарламасы «математика»; Сыздыкова Диляра  дарынды  қыз  балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (мұғалімі Омельницкая А.А.), білім беру бағдарламасы  «шет тілі»; Жексен Әнел Аққулы ауданы  Потанин ЖОББМ (мұғалімі Төлеу К.К.), білім беру бағдарламасы «Физика». Дайындаған мұғалімдерге адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts