Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі негізінде 2022 жылғы 15 сәуір күні Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиада мақсаты – дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

– оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

-.Патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу;

– оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шараға облыс мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 9-11 сыныптарынан 44 оқушы қатысты.

Олимпиада 2 айналымда өткізілді:

1 айналым – жазбаша – эссе;

2 айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.

Қазылар алқасының шешімі негізінде 21 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 6; ІІ орын – 5, ІІІ орын – 10.

І дәрежелі дипломды – Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының  11 сынып оқушысы Дәуренбекұлы Рамазан; Ақсу қ. дарынды балаларға арналған гимназиясының 11 сынып оқушысы Жанибек Жансая; «Зерде» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Сагинтаева Нұрай; Аққулы ауданы Малыбай жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Рашит Адема; «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Абигерова Дамиля; Павлодар қ. №2 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Дюсембаева Томирис иеленді

ІІ дәрежелі дипломға  – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11, 10 сынып оқушылары Кабиденова Нурия және Қабылбек Арай; Тереңкөл ауданы Песчан №2 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Коракова Меруерт; Ы.Алтынсарин ат. гимназия-интернатының 9, 10 сынып оқушылары Хауметқали Айтолқын және Марат Адалбек ие болды.

ІІІ дәрежелі диплом иегері – дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Асылбекова Ақбота, Желдібай Жансия, Ерген Ахерке; Павлодар ауданы Шақат жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Зейнулла Нұргүл; Шарбақты ауданы Арбиген жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Көптлеу Мария; Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 10 сынып оқушысы Сарсенбина Аяулым және №25 қазақ қыздар гимназиясының 11 сынып оқушысы Оразмаханбет Арай; дарынды балаларға арналған Абай гимназиясының 10 сынып оқушылары Ерсинова Саида және Мурат Дильназ; Павлодар қ. №2 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Акишпаева Аделя.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 2022 жылдың 3-6 мамыр күндері Өскемен қаласында өткізілетін республикалық олимпиадасына облыстық кезеңде жүлделі І және ІІ орынға ие болған 11 оқушы қатысады.

Абаильдинова Ж.К.,

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts