Бүгін, 2022 жылғы 18 сәуір күні, U-Study өңірлік тестілеу орталығының базасында 9-11 (12) сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды.

Республикалық олимпиада  жергілікті жерлерде өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, ағымдағы жылғы 18-22 сәуір аралығында «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізілуде.

Республикалық олимпиадада Павлодар қаласының намысын              116 қатысушыдан тұратын мектеп оқушыларының  құрама командасы қорғайды,  оның ішінде 51 қатысушы – қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 59 қатысушы – жаратылыстану-математикалық бағытта.

Similar Posts