2022 жылғы 15 сәуірде «Торайғыров университеті» КЕАҚ 9-11 сынып оқушылары арасында көптілділік бойынша облыстық олимпиадасын өткізді, оған 71 оқушы қатысты. Олимпиада 2 тур бойынша  өтті: жазбаша және ауызша. Олимпиаданың мақсаты: мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру; оқушылардың қазақ, орыс және шет тілдерді оқуға ынтасын арттыру.

Олимпиада қорытындысы бойынша 15 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде І орынды – 3, ІІ орынды -5, ІІІ орынды – 7 оқушы алды, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, француз және неміс тілдерінен «Үздік эссе» номинациялары бойынша үздік жұмыстар атап өтілді.     

Хаттамасы

Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts