2022 жылдың 7-8 сәуір күндері аралығында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы математика, физика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, география, Қазақстан тарихы пәндері бойынша облыстық сырттай оқу мектебінің рейтинг олимпиадасын өткізді. Мектеп жұмысы 2 тур бойынша жұргізілді, олардың әрқайсысы 2 кезеңнен тұрды. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша мектеп оқытушыларымен Zоом-конференциялары өткізілді. 2 турдың тапсырмаларын сәтті орындаған және пән бойынша ең көп ұпай жинаған оқушылар рейтинг олимпиадасына жіберілді. Олимпиадаға 148 оқушы қатысты, олар қазақ және орыс тілдерінде оқитын Павлодар облысының ауыл мектептерінің 8-10 сынып оқушылары.

Олимпиаданың негізгі мақсаты — ғылым негіздерін оқуға қызығушылық пен бейімділік танытатын ауылдық жалпы білім беретін мектептердің қабілетті оқушыларын анықтау, ауыл оқушыларының теориялық білімі мен практикалық іскерлігінің деңгейін арттыру үшін жағдай жасау.

Олимпиада қорытындысы бойынша 49 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. І орынды-7, ІІ орынды – 13, ІІІ орынды – 29 оқушы алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда табыс тілейміз!

Хаттамасы

Similar Posts