Өтетін күні: 2022 жылғы 29  сәуір.

Өтетін орны: Павлодар қаласы (М.Горький к., 120/2), Екібастұз қаласы (Энергетиков к., 54 А) Ustudy негізінде.

2022 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республика бойынша «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының II кезеңі басталады. 27-29 сәуір аралығында (үш күнде) I кезеңнің бес мың финалисті өңірлік тестілеу орталықтары базасында математикалық сауаттылық, қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану бойынша академиялық білімді бағалауға арналған компьютерлік тестілеуден өтеді.

«Мың бала» олимпиадасы үшінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап келеді. «Мың бала» – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін қолдауға, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін академиялық қабілетті оқушыларды іріктеуге бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауыл оқушылары үшін білім беру саласындағы баспалдаққа айналды.

Шара қатысушыларына Елбасы академиясының онлайн-платформасында тіркеуден өту қажет. Павлодар облысы бойынша «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға 3119 өтінім берілді.

Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. І кезеңде олимпиада қатысушылары онлайн – платформада когнитивті ойлау деңгейін анықтау үшін кешенді тестілеуден өтті. Қорытынды кезеңге 183 оқушы өтті, оның ішінде 105 – 5 сыныптан, 78 – 6 сыныптан.

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік  олимпиадасының ІІ кезеңі (компьютерлік тестілеу) 29 сәуірде  Павлодар, Екібастұз ққ. Ustudy негізінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуымен өткізіледі.

Олимпиада жеңімпаздары квота бойынша дарынды балаларға арналған еліміздің жетекші мектептеріне: Республикалық физика-математика мектебіне, «Білім-Инновация» лицейіне, «Дарын» мамандандырылған мектептеріне оқуға түсуге мүмкіндік алады.

«Мың бала» олимпиадасын «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен серіктестікте бірлесе өткізеді.

 Олимпиаданың бағдарламасы:

09.00-09.45 – қатысушыларды тіркеу

10.00-13.00 – олимпиаданың ІІ кезеңі (компьютерлік тестлеу).

Қосымша ақпарат: Павлодар қ., «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Марғұлан көшесі, 102,  87074982294

Similar Posts