2022 жылғы 28-30 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша І аймақтық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты зияткерлік-дарынды балаларды ерте анықтау, оқушылардың химия және биология пәндеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

149 жас қатысушы Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларынан өз білімдерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының жасөспірімдер құрамасы 5 медальға ие болды, оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола.

«Биология» пәні бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 7 сынып оқушысы Титков Дмитрий І орынға ие болды.

«Химия» пәні бойынша ІІ орынды дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Бектұрсын Дәрия, ІІІ орынды дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 8 және 6 сынып оқушылары Кравчук Ярослава мен Кравчук Игорь, облыстық дарынды балаларға арналған көп тілді көпсалалы лицейдің 8 сынып оқушысы Жұмажан Бақұстар иеленді.

Кравчук Игорь «Ең жас қатысушы» Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қатысушыларды аймақтық олимпиадада табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

Similar Posts