2022 жылғы 5 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданы І. Жансүгіров ауылында  жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Ілияс оқулары» өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, жас ақындарға әлеуметтік рухани қолдау көрсету, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Республикалық байқаудың «Ілияс – эпик ақын», «Сұлу сөздің сүлейі»   және «Ағынды менің-Ақсуым» бағыттарында 46 оқушы бақ сынасты.

Павлодар облысынан байқауға өңірлік кезеңінің 3 жеңімпазы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Сұлу сөздің сүлейі» бағытында І дәрежелі дипломға Баянауыл ауданы Ж.Аймауытов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Шәкен Айсәуле ие болды.

Ақсу қаласы Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Темиргалиева Аяулым және Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Рафаилов Бейбарыс «Жас жыршы» номинациясын иеленді.

Іс-шара аясында қатысушылар мұражайға барып, Ілияс Жансүгіров ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі

 Ж.Абаильдинова

 

Similar Posts