Өтетін орны: Екібастұз қ. Естай ат. балалар музыкалық мектебі

Өткізілетін күні, уақыты: 2022 жылғы 13 мамыр.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Шара мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Міндеттері:

– Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру;

– әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау;

– ғұлама еңбектерінің ел егемендігінің бастауы болғандығын көрсету;

ақынның әдеби-тарихи деректерге толы шығармалары мен фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларымен таныстыру.

Байқауға әрбір облыстан, республикалық білім беру ұйымдарынан, республикалық маңызы бар қалалардан (әр бағыт бойынша 1 оқушы) 4 үміткер ұсынылады. Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бас жүлде және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және облыс білім беру басқармасының, бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

 

Конкурс бағдарламасы

 

Жұма, 13 мамыр

10.00-10.30 – конкурстың салтанатты ашылуы (Екібастұз қ. Естай ат. балалар музыкалық мектебінің мәжіліс залы)

10.30.-12.30 – байқауды бағыттар бойынша өткізу (мектеп кабинеттері)

13.30-14.30 – конкурстың жабылу салтанаты

15.00-18.00 – Мәшһүр-Жүсіп кесенесіне саяхат

 

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, тел. 32-22-11, 8-705-343-72-94

Similar Posts