Ғылым қызметкерлерінің күні және Ғарышкерлер күнін мерекелеу аясында  5-6 мамыр күні онлайн форматта «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық  зерттеулер бойынша XVIII Халықаралық ғылыми жарыстардың қорытынды кезеңі өтті.

Ғылыми  жарыстардың  мақсаты – дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты балалардың және жасөспірімдердің қызығушылығын дамыту, отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерін насихаттау, ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымастықты ынталандыру.

Ғылыми жарыстарға 9-11 сыныптардың 161 оқушысы, «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жарыстардың бағыттары мен тақырыбына сәйкес келетін секциялар бойынша жалпы білім беретін пәндерден оқушылардың ғылыми жобалары республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Павлодар облысы атынан осы ғылыми сайыстарда №8 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Тимошенко Анастасия және Колдашева Амелия, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 10 сынып оқушысы Қабиев Алтынбек, Павлодар қ. Кенжекөл ЖОМ 11 сынып оқушысы Алпамыс Маджида, Павлодар ауданы Мичурин ЖОМ-нің 8 сынып оқушысы Васякова Дарья және 9 сынып оқушысы Лазников Вячеслав өнер көрсетті.

Халықаралық ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша  І дәрежелі дипломмен Алпамыс Маджида, ІІІ дәрежелі дипломмен Васякова Дарья және Лазников Вячеслав марапатталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts