2022 жылғы 11-13 мамыр аралығында Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті, оған бүкіл Қазақстаннан 236 оқушы қатысты. Павлодар облысы 9 оқушыдан тұратын құрама команда ұсынды. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 5 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 2 қола.

Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Бектұрсын Дәрия «химия» пәні бойынша І орынды, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Сәбит Аңсар «математика» пәні бойынша ІІ орынды және дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 7 сынып оқушысы Титков Дмитрий «биология» пәні бойынша иеленді. ІІІ дәрежелі дипломдармен дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Рудик Иван және дарынды балаларға арналған №1 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Жаманбалинов Агзам марапатталды.

Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары Кравчук Ярослава мен Джексенов Расул Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қатысушыларды республикалық жасөспірімдер олимпиадасында табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз!

                                                                        «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 оқу-әдістемелік орталығы

        

Similar Posts