Ауыл мектебінде кемінде соңғы екі жыл оқыған оқушылар арасында тартысты дода болып, I-II кезеңнен сүрінбей өткен мың жеңімпаз анықталды. Естеріңізге сала кетейік, «Мың бала» олимпиадасы осымен үшінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап жатыр.

Бұл туралы толығырақ мәліметті мына сілтеме арқылы біле аласыздар.

Еліміздегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге тіркелу үшін қай мектепке түсетініңізге шешім қабылдап, өтінімді 23 мамыр мен 30 мамыр аралығында ертерек өтінім беріп үлгеру керек.

 Мектептерге ең жоғары балл жинағандар тіркеле алады. Жеңімпаздар:

  • 1000-504 балл жинағандар 23 мамырдан бастап;
  • 503-470 балл алғандар 25 мамырдан бастап;
  • 469 баллдан төмен жинағандар 27 мамырдан бастап өтінімді олимпиаданың сайтында немесе жеке кабинетте бере алады.

Мектепке өтінім беру жөніндегі Нұсқаулық:

  1. Төменде көрсетілген сілтемеде өтінім беру нұсқаулығымен таныса аласыз немесе жеке кабинетте «Мектептер тізімі» қосымша бетінен көре аласыз;
  2. Ашылған тізімнен мектепті таңдап, өтінім толтыру қажет;
  3. Назар аударыңыз, сіз тек бір мектепті таңдай аласыз. Егер сіз таңдалған мектепті ауыстырғыңыз келсе, берген өтінішіңізді кері қайтарып, жаңа өтінім толтыру керек;
  4. Өтінім өңделгеннен кейін мектеп әкімшілігі сізге хабарласады.

Мамандандырылған мектепке қабылдауға өтінім беру жөніндегі Нұсқаулық

Similar Posts