«Ertis Bala Fest» Арт-фестивалі аясында 2022 жылғы 1 маусым сағат 11.00-де Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдің дарынды оқушыларымен, халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен салтанатты кездесу өткізді. Оқу жылының қорытындысы бойынша біздің облысты әртүрлі деңгейдегі беделді іс-шараларда лайықты түрде таныстырғандарды құрметтеу дәстүрге айналды.

Бұл тек республикамызда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де олимпиадалар мен конкурстарда біздің өңірді даңқтаған зияткерлік қызмет саласында өзін танытқан жас дарындар.

Кездесуге қатысушылар – 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың 62 жүлдегері.

Әкім өз сөзінде түлектердің жетістікке жететініне және олар міндетті түрде таңдалған университеттерде болатынына күмәнданбайтынын атап өтті. Өңір басшысы оқушыларға болашақта бүкіл әлемді жаулап алу үшін өз мақсаттары мен ұмтылыстарының көкжиегін кеңейтуді тіледі.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғыс хаттар, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ 2022 жылғы республикалық пән олимпиадасының дипломдары мен медальдары табыс етілді.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts