2022  жылғы 24-31 мамыр аралығында қашықтықтан физика пәні бойынша ХХІІ  Азиялық олимпиадасы  (APhO) өтті.

Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушылары арасында өтетін физика пәні бойынша жыл сайынғы бірегей зияткерлік жарыс.

Олимпиадаға әлемнің 22-ден астам елінен өкілдер қатысты.

Олимпиада Халықаралық физикалық олимпиада ережелері бойынша өтті: бірінші тур  бес сағаттық теориялық  және екінші тур-практикалық.

Қазақстан Республикасының құрама командасының ішіне Павлодар қаласының № 8 мектеп-лицейінің 10,11 сынып оқушылары кезекті рет енді.

Олимпиада қорытындысы  бойынша  қола медаль Рахимжанов Дінмұхамед иегері иеленді, Лим Владимир, Нуртаев Даир «Құрмет грамотасымен»  марапатталды (мұғалімі  Билида А. Н.).

Similar Posts