«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның жұмыс жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылының ауыл мектептерінің оқушыларына «Жас кемеңгер» мектебі өз жұмысын жалғастырады. Аудан мектептерінің  5-7 сынып оқушылары «Қазақ тілі» «Ағылшын тілі», «Математика», «Жаратылыстану», «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндері бойынша оқуға шақырылады.Ескерту: Екібастұз және Ақсу қалалары үшін – тек ауылдық жалпы білім беру мектептерінің оқушылары.Оқушы тек бір пәнді таңдай алады. Мектеп жұмысы екі айналым бойынша жүргізіледі, әр айналым 2 кезеңнен тұрады.«Жас кемеңгер» мектебінің І айналым тапсырмалары және қосымша ақпарат келесі сайтта: www.еrtisdaryn.kz. «Жас кемеңгер» мектебі» бөлімінде 1 қазанда 2022 жылында орналастырылады.

Similar Posts