2022-2023 оку жылына арналган экологиялык тәрбие жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде Павлодар облысы білім беру баскармасының «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауын өткізеді.

Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың табиғатка қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялык іс-шараларды өткізудің маңыздылығын тусінуіне ықпал ету, Павлодар өңіріндегі экологиялық проблемаларға назар аудару болып табылады.

Байқау екі кезең бойынша өткізіледі:

1) аудандық, қалалық кезең;

2) облыстық кезең – 2022 жылғы 26 қазаңда.

Конкурсты ұйымдастыру жэне өткізу ережелері «Ертіс дарыны» ОҚББОӘО-ы сайтында www.ertisdaryn.kz орналастырылған.

               Мамандандырылған мектептер, аудандық және қалалық білім бөлімдері 3 үздік жұмысты іріктеп (8 сынып -1, 9 сынып-1, 10 сынып-1) облыстық кезеңге қатысу үшін жіберіледі. Шара офлайн форматта өтеді, осыған байланысты бейне жұмыстарын YouTube каналға жүктеп алу қажет. Өтінімді Microsoft Excel форматында және басшының қолы қойылған сканерленген нұсқа, сондай-ақ сілтемені 2022 жылғы 20 қазанға дейін ertis_daryn_pvl@mail.kz поштасына, келесі үлгі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

Similar Posts