Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 14 қазан күні республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Оқушылардың байқауға дайындалу мақсатында
жас ерекшелігімен оқу бағдарламасын ескеріп «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы қазақстандық және шетелдік кітаптардың тізімі мен сілтемелері жолданды.

Байқауға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 3-10 сыныптарынан аудан және қалалық кезеңдерінің  жеңімпаз атанған 75 оқушы (3-4 сынып -1, 5-6 сынып-1, 7-8 сынып-1, 9-10 сынып-1) қатысты 38 оқушы жеңіске қол жеткізді.

І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 3 сынып оқушысы Әлхан Нұртөре; Ертіс ауданы №4 жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Дюсенбаева Анель; Павлодар қаласы Қ.Бекхожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Сулейменова Алтын; Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының 9 сынып оқушысы Ералиева Ақмаржан марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломын Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының 4 сынып оқушысы Нұрланбек Мәди; Шарбақты ауданы Хмельницкий жалпы орта білім беру мектебінің 4 сынып оқушысы Кенжебек Зулкафил; Баянауыл ауданы Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Қабиден Нұртуған; Тереңкөл ауданы Зеленая роща жалпы негізгі білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Серикбол Махамбет; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Аубакирова Камила; Аққулы ауданы Б.Уахатов атындағы  жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Елубай Тоғжан; Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Мүбарак Кымбат; Ертіс ауданы  №4 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Аманжол Аңсар иеленді.

 ІІІ дәрежелі дипломына дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы Мағзум Арсен; Май ауданы  Қазан жалпы орта білім беру мектебінің 4 сынып оқушысы Дәлелхан Азамат; Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы Рыспек Айару; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Серікбай Ақсезім; Успен ауданы Ольгин жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Біржан Дарын; Екібастұз қаласы  №21 жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Умаров Темірлан; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 7 сынып оқушысы Хасеин Нұрхан; Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының 8 сынып оқушысы Сабиганова Аружан; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Темірбек Сара; Екібастұз қаласы  С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 7 сынып оқушысы Шарапат Жарқынай; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Рамазан Жалғас; Аққулы ауданы  Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жақан Ділназ; Екібастұз қаласы Аққөл жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Қрыкбай Әмина ие болды.

 Құрмет грамотасымен  Аққулы ауданы Малыбай жалпы орта білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы Қызырбек Айжан; Успен ауданы Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебінің 4 сынып оқушысы Айбекқызы Мерей; Екібастұз қаласы Сарықамыс жалпы орта білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы Сайм Айғаным; Павлодар ауданы Мичурин жалпы орта білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Берикбол Гүлден; Шарбақты ауданы Жаңа-ауыл жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Сыздыкова Жансая; Павлодар қаласы М.Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Біржан Жансұлу; Ақтоғай ауданы Қ.Ыдырысов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Серік Аяжан; Баянауыл ауданы С.Торағыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Абзал Аружан; Успен ауданы Константинов жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Эргашпекова Зарина; Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Билялова Дильназ; Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Өмірбек Аққу; Шарбақты ауданы Арбиген жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Ғазиз Амина; Ақтоғай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Төлеу Назым марапатталды.

Облыстық конкурсының бірінші орын иегерлері республикалық байқауға жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

ғылыми-әдістемелік қызмет бөлімінің меңгерушісі

Абаильдинова Ж.К.

әдіскерлері

Сураганова А.У., Тезикпаева А.М., Бейсембаева Г.А.

Similar Posts