Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18 қазанда 8-11 сынып оқушыларының арасында республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 10 аудан, 3 қала және 14 мамандандырылған мектептен 112 оқушы қатысты.

Сайыс қорытындысында 43 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 6, ІІ дәрежелі дипломмен – 14, ІІІ дәрежелі дипломмен – 23.

«Шешендік білгірлік сайысы» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен – Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 9-сынып оқушысы Таңжарыққызы Іңкәр; ІІ дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Қазбек Ибраһим; Ақсу қ. №2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Бахтияр Күмісай; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ақтоғай ауданы Ж. Тіленшин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Аятова Дана; Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Хайролла Фатима; Ертіс ауданы И. Байзақов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жарилкапова Айым марапатталды.

«Көркемсөз оқу» бағытында І дәрежелі дипломды – Ақтоғай ауданы Еңбекші ЖНББМ 9-сынып оқушысы Шәкірт Аймөлдір; ІІ дәрежелі дипломды – Аққулы ауданы А. Баймолдин ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Маненова Адия; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Иманшарипова Алия; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Алипова Айса; ІІІ дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Жұмабай Қосман; Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Мақсатхан Қымбат; Шарбақты ауданы А. Құнанбаев ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Нұрғабыл Парасат; Ақсу қ. №1 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Бавархан Рабиға иеленді.

«Эссе жазу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Сагинтаева Нұрай; ІІ дәрежелі дипломға – Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Каиржанова Аида; ІІІ дәрежелі дипломға – Аққулы ауданы С. Сатыбалдин ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Иманкулова Анель; дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Гилазов Ильфат; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Темиргалиева Камила ие болды.

«Ақындар мұшәйрасында» І дәрежелі дипломмен – Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 9 сынып оқушысы Жұмажан Назерке; ІІ дәрежелі дипломмен –Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Сәулет Нұршапағат; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Макаров Муслим; Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 11-сынып оқушысы Дорбетхан Аружан; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар ауданы Мичурин ЖОББМ 9-сынып оқушысы Сермаганбет Сания; дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназиясының 8 сынып оқушысы Сағидолла Мансұр; Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Солтанбай Ершуақ; Шарбақты ауданы Хмельницкий ЖОББМ 11-сынып оқушысы Зайт Ерсұлтан марапатталды.

«Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағытында І дәрежелі дипломға – Екібастұз қ. №11 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Бейсен Айдын; ІІ дәрежелі дипломға – дарынды балаларға арналған музыкалық мектебінің 8-сынып оқушысы Қаир Әмір; Павлодар қ. №20 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Кеңес Жансая; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Сейтказина Аружан, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Кабир Дания; ІІІ дәрежелі дипломға – Ақтоғай ауданы Абай ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Булатбаев Асфандияр; Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Макажанова Айша; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Серік Бексұлтан; дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Өсербек Әмина; дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Әли Төлен; Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Амангелді Ералхан; Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Ертаев Расул ие болды.

«Ақындар айтысында» І дәрежелі дипломды – Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Баршинбай Меиіржан; ІІ дәрежелі дипломды – Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы  Қапаш Мирас; ІІІ дәрежелі дипломды ­ дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Айтжанов Аділет; Павлодар қ. №37 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Нургалиев Думан иеленді.

І дәрежелі дипломға ие болған облыстық кезең жеңімпаздары республикалық «Ақберен» байқауына қатысады.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО

шығармашылық даму бөлімінің

меңгерушісі Д.К. Саламбекова

Similar Posts