Павлодар облысы білім беру басқармасының  «Ертіс дарыны»  өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылғы 9 қарашада жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәні мен бағдарламалау бағыты бойынша XІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.

Шараға 86 оқушы қатысты, оның ішінде математика пәніне – 57, бағдарламалау бағыты бойынша – 29 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысында математика пәні бойынша 12 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 1, ІІ дәрежелі дипломына – 3, ІІІ дәрежелі дипломына – 8, Құрмет грамотасына – 3 оқушы ие болды.

Бағдарламалау пәні бойынша 9 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, І дәрежелі дипломына – 1, ІІ дәрежелі дипломына – 3, ІІІ дәрежелі дипломына – 5, Құрмет грамотасына – 2 оқушы ие болды.

Бағдарламалау хаттамасы

Математикадан хаттама

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts