«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 28-30 қараша аралығында Астана қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы ІХ республикалық «Ақберен» өнер байқауын өткізді.

Сайыстың «Көркем сөз оқу», «Ақындар мүшәйрасы», «Шешендік өнер», «Ақындар айтысы», «Эссе жазу» және «Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағыттарында 130 оқушы бағын сынады.

Павлодар облысынан байқауға өңірлік кезеңінің 6 жеңімпазы қатысты: Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің 9-сынып оқушысы Таңжарыққызы Іңкәр; Ақтоғай ауданы Еңбекші негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Шәкірт Аймөлдір; «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Сагинтаева Нұрай; Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жұмажан Назерке; Екібастұз қ. №11 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бейсен Айдын; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Баршинбай Меиіржан.

Сайыс қорытындысында жалпы командалық есеп бойынша Павлодар облысының оқушылары ІІІ орынды жеңіп алды. Жеке біріншілікте «Ақындар мүшәйрасында» ІІ дәрежелі дипломға Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы білім беру орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жұмажан Назерке ие болды; «Эссе жазу» бағытында ІІІ дәрежелі  дипломын «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Сагинтаева Нұрай иеленді; «Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағытында ІІІ дәрежелі дипломмен Екібастұз қ. №11 жалпы білім беру орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бейсен Айдын марапатталды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының арнайы жүлделері Павлодар ауданы Ямышев жалпы білім беру орта мектебінің 9-сынып оқушысы Таңжарыққызы Іңкәр мен Ақтоғай ауданы Еңбекші жалпы білім беру негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Шәкірт Аймөлдірге табысталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts