«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 12 желтоқсанда 7-11 сынып оқушылар арасындағы республикалық «М. Мақатаев оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 9 аудан, 3 қаланың жалпы білім беру ұйымдары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден 45 оқушы қатысты.

Сайыс үш бағыт бойынша жүргізілді: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты бөлімінде оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды; «Жыр эстафетасында» қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай – Атырау» поэмаларын мәнерлеп, жатқа оқыды; «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында жас ақындар өз туындыларымен таныстырды.

Оқулар қорытындысы бойынша 23 оқушы жүлделі болды, оның ішінде Бас жүлде – 3, І орын – 3, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 11.

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағытында Бас жүлдемен Баянауыл ауданы Қаражар ЖББНМ 9-сынып оқушысы Ермекқызы Альмира марапатталды; І дәрежелі дипломмен – облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аманбек Нұрсәуле; ІІ дәрежелі дипломмен – Аққулы ауданы С. Сатыбалдин ат. ЖОББМ 8-сынып оқушысы Иманкулова Жанар; Тереңкөл ауданы Қ. Оспанова ат. №3 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Багай Медина; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу қ. Жамбыл ЖОББМ 9 сынып оқушысы Хусман Назерке; Май ауданы Ақшиман ЖББНМ 7-сынып оқушысы Ербол Нұрислан; Павлодар қ. №14 ЖББОМ 7-сынып оқушысы Шугай Ардана; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Жұмабай Қосман.

«Жыр эстафетасы» бағытында Бас жүлдеге Екібастұз қ. Атығай ЖОББМ 10 сынып оқушысы Амангелдіқызы Аяулым ие болды; І дәрежелі дипломға – Аққулы ауданы А. Баймолдин ат. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Маненова Адия; ІІ дәрежелі дипломға – Ертіс ауданы Қарақұдық ЖББОМ 8-сынып оқушысы Жұматай Жансая; ІІІ дәрежелі дипломға – Павлодар қ. №2 ЖББОМ 7-сынып оқушысы Баяхметова Жамиля; Ақтоғай ауданы М. Қайырбаев ат. ЖББОМ 9-сынып оқушысы Күлжази Айкүн; Ертіс ауданы Қызылқақ ЖББОМ 10-сынып оқушысы Төлеутай Ділда.

«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» бағытында Бас жүлдені Ақтоғай ауданы Қараоба ЖББОМ 9-сынып оқушысы Жұмажан Назерке иеленді; І дәрежелі дипломды – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Тулебаева Найля; ІІ дәрежелі дипломды – Ы. Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Қайрат Алдияр; Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Махсатхан Қымбат; Май ауданы Ақжар ЖББОМ 9-сынып оқушысы Сейілғазы Мәрмәр; ІІІ дәрежелі дипломды – дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Айтжанов Адлет; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Көкен Бегім; дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Ерген Ахерке; Павлодар қ. №17 ЖББОМ 9-сынып оқушысы Серік Тұмарым.

Облыстық конкурстың Бас жүлде иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts