Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің тестілеу туры (әрі қарай – Тестілеу) ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсан күндері Назарбаев Зияткерлік мектебінде бір уақытта «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық өкілдерінің бақылауымен санитарлық, медициналық, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары сақтала отырып өткізілді.

Тестілеу қатысушының сыныбына, оқыту тіліне сәйкесҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13.03.2012 жылғы № 99 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттелеу жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары» қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес бейіндік пәндер бойынша өткізілді.

Павлодар облысы бойынша Тестілеуге 139 жобамен 175 оқушы қатысты, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыт – 70 жобамен 88 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт 64 жобамен 81 оқушы.

Ережеге сәйкес зерттеу жобаларын сараптау кезеңіне тестілеуден кемінде 50% балл жинаған қатысушылар жіберіледі (барлығы 120 балл). Топтық жұмысқа рұқсат беру үшін жұмыс авторлары жинаған орташа арифметикалық балл шектік балл болып табылады. Алты секция бойынша қатысушылардың 50% балл жинаған санының төмендігін ескере отырып, шектік балл төмендетілді: «Жер және ғарыш туралы ғылым» – 45 балл, «Қолданбалы математика» – 50 балл, «Экономика» – 40 балл, «Өлкетану» – 45 балл, «Этномәдениеттану» – 45 балл, «Тарих» – 55 балл.

Павлодар облысынан Тестілеу қорытындысы бойынша келесі кезең сараптамаға жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 35 жобамен 46 оқушы өтті, квота сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық зерттеу конкурсқа 12 жобамен  13 оқушы өтті.

Similar Posts