«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 20 қаңтарда сағат 10.00-де жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып окушыларына  республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңін өткізілуін  хабарлайды.

         Олимпиада 12 пән бойынша (математика, информатика, физика, биология, химия, география,  қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі орыс тілде оқытатын мектептерінде, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі қазақ тілінде оқытатын мектептерінде, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі) өткізіледі. Олимпиадалық тапсырмалары құпиялылық пен сақталуын қамтамасыз ете отырып, бүкіл республика бойынша ұйымдастыру комитетінің жауапты мүшесіне бір мезгілде жіберіледі.

            Аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары әр пән мен сынып бойынша облыстық кезеңге жолдама алады. Білім беру ұйымдарына арналған квота 24 оқушы (12 пән 2 оқушыдан (7-сынып-1,8-сынып-1).

Ережесі

Similar Posts