«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «USTEM Robotics»  қоғамдық қоры, «Caravan of Knowledge» коммерциялық қоры  2023 жылғы 29 қаңтарда  Алматы  қаласында Республикалық физика-математикалық мектебінің базасында «First Robotics» робототехника бойынша өңірлік чемпионатын өткізді.

Өңірлік чемпионатқа 67 команда қатысты, оның ішінде 10 қатысушы команда республикалық кезеңге өтті. Павлодар облысының дарынды қыздарына арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының «Teen titans» командасы құрамында Қапарбек Азиза, Қуанышбек Сабина, Даниярова Инкара, Жақсылық Аяжан, Ержанова Айжан (жетекшісі Лайых Бахара)  «Robot Design» бағытында 2 орын алып, 2023 жылғы 24-26 ақпанда Астана қаласында өткізілетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Similar Posts