Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасын өткізуге байланысты (әрі қарай – олимпиада) келесі ақпаратты хабарлайды.

2023 жылғы республикалық олимпиада 2021 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту» туралы № 85 бұйрығына сәйкес өткізілетін болады.

Олимпиадаға қатысатын ұстаздарға алғыс хат даярлау мақсатында биылғы 1 – 28 ақпан аралығында алдымен мұғалімдерді тіркеу өткізіледі. Ал олимпиада үміткерлерін тіркеу 1 наурыз бен 30 наурыз аралығында, https://1000bala.elumiti.kzсайтында жүзеге асырылады.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 6-сынып оқушылары қатыса алады. Биылғы олимпиаданың өткізілу уақытында олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары әлі де 6 сынып оқушысы болса, онда олар олимпиаданың ІІ кезеңіне тіркеусіз өте алады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде үміткерлер https://1000bala.elumiti.kzсайтында  2023 жылдың 3 – 7 cәуір аралығында online түрде өткізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл кезеңнің қорытындысы нәтижесінде 5000 жеңімпаз екінші кезеңге өтеді. Ал екінші кезең «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығы аумағында  жеңімпаздардың қатысуымен 2023 жылдың 26 -28 сәуір айында өткізілетін болады.

Олимпиада үміткерлері мен оларды сүйемелдеуші тұлғаларды жеткізу, тамақ беруді ұйымдастыру, іссапар шығыны жіберуші тарап тұрғысынан қамтамасыз етіледі.

Туындаған сауалдар бойынша көрсетілген Колл-орталық номеріне  хабарласуды өтінеміз. 8 800 080 48 48 (қоңырау шалу тегін) Сонымен қатар олимпиада үйлестірушісі Айжан Бірлікқызы Аршабаеваға мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.8717224-87-92.

«Мың бала» олимпиадасы сайтында
мұғалімдердің тіркелу нұсқаулығы

 

Similar Posts