«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 9 ақпанда Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты ІІ республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізілді.

Айтыс мақсаты: мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін, тума таланты мен табиғи дарындарын анықтау, жас айтыскерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Іс-шараға облыс жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 6-11 сыныптарынан 16 оқушы қатысты.

Айтыс екі бағыт бойынша өтті:

1) тақырыптық айтыста қатысушылар Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлап, бір-біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білді;

2) қайым айтыста – айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің алғашқы екі жолын бұзбай, мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп немесе сол қалпында сақтап, соңғы екі жолында жауап қайтарды.

Сайыс қорытындысында 12 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: Бас жүлде – 2, І дәрежелі диплом – 2, ІІ дәрежелі диплом – 3, ІІІ дәрежелі диплом – 5.

«Тақырыптық айтыс» бағытында Бас жүлдеге – Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы жалпы білім беру орта мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Қапаш Мирас; І орынға – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Сәулет Нұршапағат; ІІ орынға – Баянауыл ауданы Ш. Шөкин атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрақмет Мәуіт; Павлодар қ. №7 жалпы білім беру орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ошал Мадина; ІІІ орынға – Павлодар қ. Қ. Бекқожин ат. жалпы білім беру орта мектебінің 9 сынып оқушысы Абылғазы Сұңқар; Ертіс ауданы №4 жалпы білім беру орта мектебінің 10 сынып оқушысы Имангалиева Минеля; дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Айтжанов Адлет ие болды.

«Қайым айтыс» бағытында Бас жүлдені – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Баршинбаев Мейіржан; І орынды – Павлодар қ. Ә. Бөкейхан ат. лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Қайролла Елнұр; ІІ орынды – Баянауыл ауданы Егіндібұлақ жалпы білім беру орта мектебінің 10 сынып оқушысы Солтанбай Күннұр; ІІІ орынды – Баянауыл ауданы Ш. Шөкин атындағы жалпы білім беру орта мектебінің 6 сынып оқушысы Совет Жансерік; Ертіс ауданы И. Байзақов жалпы білім беру негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Жарилкапова Айым иеленді.

Облыс кезеңінің екі Бас жүлде иегері республикалық айтысқа жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts