«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның жұмыс жоспарына сәйкес спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету, роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «Robotеk Grand Tournament» атты робототехника турниры Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінің базасында 2023 жылғы 10 наурыз күні өтетінін хабарлайды.

         Турнирге қатысатын оқушылар тізім қоса беріледі (қосымша).             Қатысушыларда міндетті түрде өзімен бірге болуы тиіс:

1.     Дайын робот

2.     Роботқа арналған бағдарлама

3.     Ноутбук (қуаттаушы + тінтуір)

4.     Фильтр -1 дана

5.     ЕV3-ке арналған 2-3 қуатталған батарейка және батарейкаға арналған қуаттаушы

6.    Роботқа арналған қажетті бөлшектер

7.     Биатлонистерге – кеңселік резенкелер.

Қатысушыларды тіркеу 09.00-дан 09.30 дейін.Турнир сағат 10.00-де басталады.

Турнирге қатысатын оқушылар тізімі

Similar Posts