Өтетін уақыты: 2023 жылғы 5 сәуір, басталуы – сағат 14.00-де.

Өтетін орны: Павлодар қ., дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы  (Толстой көш., 95).

Ұйымдастырушы: Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

         Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу.

Олимпиада 2 тур бойынша өткізіледі:

  • тур – жазбаша – эссе;
  • тур – ауызша – қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаева өмірбаянын, ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектері бойынша тапсырмаларын орындау.

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

Облыстық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады.

 

Қосымша ақпарат: «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Павлодар қ.,Мәшһүр Жүсіп көш., 189,

тел. 87074982294

Similar Posts