2023 жылдың 3 сәуірі мен 7 сәуірі аралығында Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Болашақтың жоғары технологиялары мен материалдары» XVII олимпиадасының қорытынды (күндізгі) кезеңі өтті. Осы олимпиаданың жеңімпазы Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған №3 гимназия» ММ-сінің 8 сынып оқушысы Дмитрий Титков «химия, физика, математика, биология» пәндер кешенінен 5-9 сынып оқушылары арасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, Дмитрий параллельдегі ең жақсы нәтиже үшін медальмен марапатталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша жас эрудитке Мәскеу мемлекеттік университетінде оқуға грант берілді.
Айта кету керек, бұл Дмитрийдің әртүрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстардағы алғашқы жеңісі емес. Оның қоржынында – биологиядан республикалық, облыстық пәндік және кіші олимпиадалардағы жеңістері бар.
2023 жылы ТМД елдерінен 10 мыңнан астам мектеп оқушылары, студенттер мен аспиранттар «Болашақтың жоғары технологиялары мен материалдары» олимпиадасының іріктеу кезеңдерінің қатысушысы болды, олардың тек 360-ы ғана финалға өтті

Similar Posts