Павлодар облысы білім басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 13 сәуірде  Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беру мектептерінің мектепалды топтарына (сыныптары) арналған  «Жауқазын» олимпиаданың облыстық кезеңі Павлодар қаласы Жұмабек Тәшенев атындағы мектебінің базасында (Ворушин көш., 6/2)  өткізіледі.

            Олимпиаданың негізгі мақсаты – интеллектуалдық қабілеті жоғары деңгейдегі, дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі ересек  балаларды айқындау және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиаданың бағдарламасы:

9.00 – 9.30 – қатысушыларды тіркеу

10.00 – 11.00 – олимпиада

11.30 – 12.30 – түскі ас (сырттан келген қатысушылар үшін)

12.30 – 14.40 – қатысушыларға ойын-сауықтыру бағдарламасы (сырттан келген

                          қатысушылар үшін)

15.00 – 16.00 – салтанатты жабылу рәсімі.

Ескерту: Әр қатысушыда өзімен бірге қалам, қарындаштар (қарындаш, қызыл және көк түсті), сызғыш, өшіргіш, су, ауыстыратын аяқ киім болу қажет.

Similar Posts