«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 12 сәуірде республикалық «Ілияс Жансүгіров оқуларының» облыстық кезеңі өткізілді. Шараға жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 50 оқушы қатысты. 

Сайыс қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: Бас жүлде – 3, І орын – 4, ІІ орын – 7, ІІІ орын – 10.

«Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағытында Бас жүлдемен – Ақсу қ.

Ы. Алтынсарин ат. қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Талгатов Казбек;

I дәрежелі дипломмен – Тереңкөл ауданы Трофимовка жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Баженова Жанел; ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. №30 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ақтай Толғанай; Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Оразалы Нүрия; IІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. Ақкөл жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Жүсіпбай Тәттігүл; Баянауыл ауданы Ш. Шөкин ат. жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Рустамбек Айғаным; Ертіс ауданы Ағашорын жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Майданова Данаим; Павлодар ауданы Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Харақожа Ерасыл.

«Ұлы тұлғаға арнау» бағытында Бас жүлде иегері: Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Иманғазы Қадырхан; I дәрежелі диплом – Павлодар қ. №35 жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Бектасова Азиза; Ақсу қ. Үштерек жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Досан Наурызбай; IІ дәрежелі диплом – Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 9-сынып оқушысы Тұрсын Жандина; Май ауданы Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Сейілғазы Мәрмәр; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Макаров Муслим; IІІ дәрежелі диплом – Баянауыл ауданы З. Ақышев ат. жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Әмірхан Нұрайлым; Ертіс ауданы И.Байзақов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Амирова Аружан; Павлодар ауданы Шақат жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Мұрат Дина.

«Ілияс – сөз шебері» бағытында Бас жүлдені – Павлодар қаласы №38 жалпы негізгі білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Хунафия Айдана; I дәрежелі дипломды – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Сарсембаева Самира; IІ дәрежелі дипломды – Баянауыл ауданы М. Әуезов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Төлебек Елдос; Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 9-сынып оқушысы Таңжарыққызы Іңкәр; IІІ дәрежелі дипломды – Екібастұз қ. №21 жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Тиштыкбаева Мадина; дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 8-сынып оқушысы Байзолла Сұлужан; «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Жанғазы Нұрайым.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауға жолдама алды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts