Дарынды ер балаларға арнарған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында  2023 жылғы 14 сәуірде Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиада 7-8 сынып оқушыларына математика, физика, биология, химия, география, информатика пәндері бойынша жүргізілді.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады.

Шараға 204 оқушы қатыстып 84 қатысушы жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І дәрежелі дипломына – 18, ІІ дәрежелі дипломына – 28, ІІІ дәрежелі дипломына – 38 қатысушы иеленді.


 

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts