Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  2023 жылғы 19 сәуірде   5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» облыстық экологиялық жобалар конкурсын қашықтық форматта өткізді.

Конкурстың негізгі мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурс төрт бағыт бойынша өтті:

  • туған өлке табиғаты;
  • мені қоршаған әлем – ғажайып әлем;
  • үздік экологиялық бастама;
  • таза қала сізден басталады.

Конкурстың облыстық кезеңіне мектепшілік, аудандық және қалалық кезеңдердің 57 жеңімпазы қатыстып, оның ішінде 30 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Конкурстың қорытындысы бойынша келесі нітиже көрсетті: І дәрежелі дипломға 7, II дәрежелі дипломға 10, III дәрежелі дипломға 13 оқушы иеленді.

Облыстық кезеңінде ең жоғары ұпай алған жеңімпаздар 2023 жылғы 26-27 сәуір аралығында қашықтан өткзілетін  «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсына жолдама алды.

Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы білім додасында сәттілік тілейміз!

Хаттама

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts