Өтетін күні: 2023 жылғы 27  сәуір.

Өтетін орны: Павлодар қаласы (М. Горький к., 120/2), Екібастұз қаласы (Энергетиков к., 54 А) Ustudy негізінде.

2023 жылдың 26-27 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ауыл мектептерінің 6-сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының II кезеңі басталады. Үш күн бойы I кезеңнің бес мың финалисті өңірлік тестілеу орталықтарының базаларында математикалық сауаттылық, қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану бойынша академиялық білімді бағалауға арналған компьютерлік тестілеуден өтеді.

«Мың бала» олимпиадасы үшінші жыл қатарынан қабілетті ауыл оқушыларын анықтап келеді. «Мың бала» – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарынығы  мен қабілетін қолдауға, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін академиялық қабілетті оқушыларды іріктеуге бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауыл оқушылары үшін білім беру саласындағы баспалдаққа айналды.

Шара қатысушыларына «EL UMITI» корпоративтік қорының онлайн-платформасында тіркеуден өту қажет. Павлодар облысы бойынша «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға 1774 өтінім берілді.

Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. І кезеңде олимпиада қатысушылары онлайн – платформада когнитивті ойлау деңгейін анықтау үшін кешенді тестілеуден өтті. Қорытынды кезеңге 141 оқушы өтті, оның 107  – І кезеңнің финалистері, 34-і – 2021-2022 оқу жылының жеңімпаздары (5-сынып оқушылары).

Павлодар облысы бойынша «Мың бала» Ұлттық зияткерлік  олимпиадасының ІІ кезеңі (компьютерлік тестілеу) 27 сәуірде  Павлодар, Екібастұз ққ. Ustudy негізінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуымен өткізіледі.

Олимпиада жеңімпаздары квота бойынша дарынды балаларға арналған еліміздің жетекші мектептеріне: Республикалық физика-математика мектебіне, «Білім-Инновация» лицейіне, «Дарын» мамандандырылған мектептеріне оқуға түсуге мүмкіндік алады.

«Мың бала» олимпиадасын «EL UMITI» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен серіктестікте бірлесе өткізеді.

 

Олимпиаданың бағдарламасы:

09.00-09.45 – қатысушыларды тіркеу

10.00-12.30 – олимпиаданың ІІ кезеңі (компьютерлік тестлеу).

 

Қосымша ақпарат: Павлодар қ., «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189,  87074982294.

Similar Posts