Павлодар қаласы №7 жалпы орта білім беру мектебінің базасында 2023 жылғы 28 сәуірде Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиада 7-8 сынып оқушыларына Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша жүргізілді.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады.

Шараға 228 оқушы қатыстып 94 қатысушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде І дәрежелі дипломына – 15, ІІ дәрежелі дипломына – 24, ІІІ дәрежелі дипломына – 55 қатысушы иеленді.

Хаттамалар

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts