Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры тарапынан мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында Астана қаласында 2023 жылғы 6 мамырда республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада қазақ және өзге ұлт топтары арасында 5 бағыт бойынша ұйымдастырылған: «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу); «Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс); «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс); «Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу); «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

Павлодар облысынан республикалық шараға облыстық кезеңнің 9 жеңімпазы қатысты: Павлодар қ. №24 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Валиханова Камила және дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 9-сынып оқушысы Дальке Ева; Екібастұз қ. Екібастұз ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ермекқызы Камила; Екібастұз қ. №18 ЖББОМ 7-сынып оқушысы Әбдікәрім Әмина және Ертіс ауданы Ш. Уәлиханов ат. ЖББОМ 9-сынып оқушысы Курбанкулов Розимурат; Қ. Сәтбаев ат. мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Партияқызы Арайлым және Успен ауданы Константинов ЖОББМ 8-сынып оқушысы Эргашбекова Зарина; Баянауыл ауданы М.Әуезов ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Макажанова Айша және Павлодар қ. №17 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Петрова Полина.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары ІІІ командалық орынға ие болды: «Әнші-бұлбұлдар» бағытына қатысқан Петрова Полина – І дәрежелі дипломмен; «Бейнелеушілер» бағытында Валиханова Камила мен Дальке Ева және «Сөз шеберлері» бағытында Эргашбекова Зарина ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts