2023 жылғы 1-6 мамыр аралығында Астана қаласында химия пәнінен оқушылар  арасында  57  Халықаралық Менделеев олимпиадасы  Назарбаев Университетінің базасында өтті.

         Менделеев олимипадасына әлемнің 21 елінен 116 оқушы қатысты-Австрия, Әзербайжан,Армения, Бразилия, Венгрия, Израиль, Қазақстан, Қырғыстан, Македония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тәжікістан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Хорватия және т.б.

Қазақстан Республикасы құрама командасының  құрамына  химия пәні бойынша олимпиадалық резервтің мүшелері болып табылатын 15 оқушы кірді.

Павлодар облысының атынан дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Илюсизов Ринат (мұғалім Колдашева О.в.) қатысты, Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша қола медаль иегері атанды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts