Маңғыстау облысының білім басқармасы 2023 жылғы 10-12 мамыр аралығында қазақ әдебиетінің ірі өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтің шығармашылығына арналған республикалық конкурс өткізді.

Байқау төрт бағыт бойынша өтті: Ә.Кекілбаевтің шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; үйде орындалған үш суретті ұсынып, «Көлденең көк атты» және «Галстук сатушы қыз» әңгімелеріне иллюстрация салу; жазушының шығармашылығы бойынша зерделеу жоба жазу; бір шығармасынан сахналық қойылым көрсету.

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың жеңімпаздары қатысты: Павлодар қ. №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бауыржан Азиза; Павлодар ауданы Ямышев ЖОББМ 9-сынып оқушысы Таңжарыққызы Іңкәр; Ақтоғай ауданы Қараоба ЖОББМ 8-сынып оқушысы Кабдуалиева Карима; Тереңкөл ауданы Зеленая роща ЖНББМ 9-сынып оқушылары Акатаева Фарида, Балтаева Ильнара, Нургалина Дайана, Искаков Ерлан, Тургумбай Дамир.

Республикалық шара қорытындысында Бауыржан Азиза «Иллюстра    циялық сурет» және Таңжарыққызы Іңкәр «Мәнерлеп оқу» бағыттарында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

 

Similar Posts