Жетісу облысы білім басқармасының «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 16-17 мамыр аралығында қазақ әдебиетінің ірі өкілі, ақын, жазушы Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған республикалық конкурсты онлайн түрле өткізді.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» (ақынның бір өлеңін және «Құлагер» поэмасынан бір үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу); «Ұлы тұлғаға арнау» (жас ақындардың өз туындыларын жатқа оқу); «Ілияс – сөз шебері» (прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу).

Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың Бас жүлде иегерлері қатысты: Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. қазақ жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Талгатов Казбек; Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Иманғазы Қадырхан; Павлодар қ. №38 жалпы негізгі білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Хунафия Айдана.

Республикалық шара қорытындысында Иманғазы Қадырхан «Ұлы тұлғаға арнау» бағытында ІІІ дәрежелі дипломмен; Талгатов Казбек «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағытында Алғыс хатпен; Хунафия Айдана «Ілияс – сөз шебері» бағытында Құрмет грамотамен марапатталды.

 

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Similar Posts