«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қазақстандағы робототехника жарыстарының ұлттық ұйымдастырушысы ретінде World Robot Olympiad – 2023 (бұдан әрі – WRO) ережелері  аясында 2023 жылғы 29 мамыр күні Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында робототехникадан олимпиаданың аймақтық іріктеу кезеңі өтті.

Олимпиада «RoboMission» (негізгі), «Future Innovators» (шығармашылық), «RoboSports» және «Future Engineers» санаттарынан өткізілді. Қатысушы топтардың саны шектелмейді. Әр топ WRO – 2023 ережелерінде көрсетілгендей жас ерекшеліктеріне сәйкес тек екі оқушыдан тұрады.

            Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар облысының оқушылары 14 медаль жеңіп алды, оның ішінде 5 алтын, 4 күміс, 5 қола.

            І орын: Мұрат Мұса, Тілеубай Мансур оқушыларынан құралған дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің командасы; Қайролла Жәния, Тыныбек Медина оқушыларынан құралған №2 Майқайың орта мектебінің Баянауыл ауданының командасы; Рақышев Кәрімжан, Садықов Расул оқушыларынан құралған Павлодар қаласының М.Әуезов атындағы орта мектебінің командасы; Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушылары Жанұзақ Нұржан, Құрашев Ернұр, сонымен қатар М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайының Тұрғанбекова Зарина және Аманболова Зарина құраған командасы.

            ІІ орын: Қабдолла Исламхан, Райханов Нұрислам Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған «Жас сарбаз» мектеп-интернатының оқушыларынан құралған командасы; Әлбекова Адина, Болпакова Кәусардан дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған командасы; Уахит Айым, Ибрагимова Асылым  Баянауыл ауданының №2 Майқайың орта мектебінің оқушыларынан құралған командасы; Кононов Игнат, Тұрсынбек Ибрагим Павлодар қаласы А.Шамкенов атындағы орта мектебінің оқушыларынан құралған командасы.            ІІІ орын: Еркін Азиз, Қалымов Алидар; Елисеев Мирослав, Мағзұмов Әлкей; Бурцева Эвелина, Асқар Сабина дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған командалары; Хаджиев Али, Руднев Георгий;  Туркин Егор, Портяник Дарья Павлодар қаласы А.Шамкенов атындағы орта мектебінің оқушыларынан құралған командалары.

Бірінші орын алған топтар 2023 жылдың маусым айында жоспарланған WRO робототехникадан республикалық олимпиадаға қатысуға жолдама алды.

Similar Posts